Сауал сізден

Online сөздік

Баннер

Ақын жайлы үзік ой

 

Поэзиядағы ой-пікірдің байлығы мен сезімнің шыншылдығы, өлең сөздің тапқырлығы қатар келетін Қ.Аманжолвтың өлеңдері талай ұрпақпен сырласып, оның жанын тебіренте алары сөзсіз.

Серік Қирабаев

 

Санақ

Санақ

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ. Адал еңбек атаусыз қалмайды

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Адал еңбек атаусыз қалмайды. Бұл жолы да солай болды. Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Камохара Масаёси  Қарағанды «Болашақ» академиясының профессоры, заң ғылымдарының докторы Нұрлан Орынбасарұлы мен оның командасында бірлесіп жұмыс істеген профессор Н.Т. Жұмаділованы, ф.ғ.к Ж.М. Баймұрыновты және профессор Т.К. Алланиязовты қабылдады. Ұзақ жылдар бойы көз майларын тауысып жазған еңбектері үшін Жапон үкіметінің және өз атынан алғыс хат табыстап, сыйлықтар ұсынды. Бұл рәсімге ғалымдардың дос-жарандары мен  әріптестері, Қарағанды «Болашақ» академиясының студенттері шақырылды.
Қарағандылық ғалымдарға жапон елінің елшісі жайдан-жай құрмет көрсетіп отырған жоқ. Осыдан бірнеше жыл бұрын ұлт жанашыры Н.О.Дулатбековтің бастамасымен «Болашақ» академиясының профессорлары Қарағанды облысындағы қасірет таңбасы болған Карлаг ақиқатын ашу мақсатында зерттеу жұмыстарын бастаған болатын. Содан бері Карлаг лагерінің ақтаңдақтарын әшкерелейтін жиырмаға жуық кітап жарық көрді.
Кезінде НКВД-ның ерекше назарында болған лагер туралы мәліметтерді алып, кітап басу оңай шаруа емес. Қажырлы еңбек пен темірдей төзімді талап етеді. Біздің ғалымдар  ұзақ уақыт бойына еліміздегі, Мәскеудегі архивтерді көтеріп, Карлагқа қатысты құжаттарды жинады. Түрлі кедергілерге кез болса да жігерлері жасымай, қолға алған ісін соңына дейін жеткізді.
Бұл жерде ғалымдардың алдына қойған басты мақсат атақ пен аброй емес,  Сталиндік репрессияның ақтаңдақ тұстарын әшкерелеу, архивте шаң басып жатқан құжаттарды ғылыми қауымның назарына ұсыну болған еді. Ол мақсат орындалды. Бүгінде «Болашақ» академиясы ғалымдарының еңбектерін  Ресей, Германия, Жапония тәрізді әлемнің бірқатар алпауын елдерінің ғылыми орталықтары мен  университеттерінен кездестіруге болады.



Баймаханбет АХМЕТ. Қайран, Кітап!..

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Қайран, кітаптарым-ай менің! Сендерді жер-көкке сыйғыза алсамшы! Араларыңда бала кезімде достарым сыйлағаны, асыққа айырбастап алғаным, туыстарымның үйінен «жымқырып» кеткенім де бар еді…
Ол бір… кітапқа деген құрмет ерекше, кең заман екен-ау! Әлде адамдарының оқуға деген ынтызарлығы зор ма? Әйтеуір, кітапсыз үй болмайтын. Түздегі малшының, тіпті трәктіршінің де қолында кітап, не журнал… Оның өзін бос уақыт болып жатса, оқырмын деп қоныштарына сала кететінін қайтерсің! Олардың және көпшілік жиналған жерлерде жаңа шыққан көркем әдебиеттерді талқылап «қызыл шеке» болатыны ше… Көзі ашық қоғам екен…
Ал қазір… «кітап оқымайтын» қоғам қалыптасты. Кітап деген мұхитыңыз басқа арнасын тапты – компьютер, ғаламтор иіріміне жұтылып, «бір тарының қауызына» сыйып кетті. Ал ол «мұхит» екінің бірі үшін қолжетімді емес. Сиыр бүйрегіндей жықпылы да, жұмбағы да, сын-қатері де мол тылсым әлем. Ондағы «кітаптарды» бағзы кездегідей қонышыңа бүктеп сала алмайсың, іші-тысына сіңген баспахана бояуы иісін тұшына иіскеп, басыңа жастанып рахаттана оқи да алмайсың. Ондағы «кітаптар»…
Сіз не десеңіз де мейлі, менің балалық шағымдағы кітаптарымды аңсап, кірпігіме жас ілінді. Одан-бұдан құрап, жеке кітапханамды жасақтауға кіріскенім есімде. Бұған сол кезде басшы қызметтегілердің төр үй жиһазын аузы-мұрнынан шығарып, тек сән үшін ғана қымбат кітаптар жинайтынының себі де тиді-ау. Сол кездегі басшылардың кітапты оқып емес, жиып үлгі көрсеткеніне де рахмет. Бұл да кітапқа құрмет екен. Кітаптан қадір кетпеген кез екен ол.



Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ. Исатай батыр Жәңгір хан Ордасын неге шаппады?

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Ел тәуелсіздігімен бірге Бөкей Ордасының соңғы ханы Жәңгірдің де саяси портреті қайта сомдалып, ғылыми дәйектерінің әлсіздігіне қарамастан, жаңа қоғамдық пікір қалыптастыруда көсемсөз шеберлерінің еңбектері алға шықты. Жәңгір ханның игі істерін ұлықтау шырқау биікке көтеріліп, оған кесене, ескерткіш, университет, көше, кітап дүкені, музей, мектеп атын беру шаралары жедел қарқынмен жүргізілді. Сөйтсе де, Отандық тарихнамада әлі күнге дейін Жәңгір хан тұлғасына қатысты бірізділік жоқ. Студенттік аудиторияларда кеңінен пайдаланылатын, еліміздің жетекші ғалымдары К.Есмағамбетов, М.Қойгелдиев, И.Кенжалиев, т.б. жазған іргелі зерттеулерде сын сағатындағы хан Жәңгір қимылын еш ақтап алуға болмайтындығы баса көрсетіледі, көк құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан бүгінгі жас ұрпақтың (еліміз бойынша мектеп партасында 2,5 млн. оқушы отыр. – автор) тарихи санасын қалыптастырып жатқан жалпы білім беретін орта мектептің 8-сыныбына арналған, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған, таралымы 108 000 дана оқулықта: «Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өзінің жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискалдық қаржы жүйесіне араласпады», «Жәңгір хан мен оның төңірегіндегілер Исатайға жала жабуға көшті», «Жәңгір хан халықтың қаһарынан шошып кетті», т.с.с. жазылған. Бұдан Жәңгір ханның өте күрделі тұлға екендігі, сондықтан оны қоғамға насихаттаудағы ресми ұстанымда әлі бірізділіктің жоқ екені аңғарылады. Жәңгір хан хақындағы мемлекеттік рухани-идеологиялық көзқарастың бір ортақ ұлттық мүддеге жұмылдырылмауы, беделді ғалымдардың еңбектерінде «тамаша дипломат», «көреген қайраткер» ретінде дәріптеле бастаған тұлғаның сәулелі жақтарымен бірге, көлеңкелі істері де жетіп-артылатыны зерттеулер мен тарихи оқулықтарда көрсетілгендіктен, бүгінгі жас буынның тарихи санасы қарама-қайшылықтармен шырмалуда. Мұның сыры күні бүгінге дейін Отан тарихының көптеген принципті мәселелерінің түбегейлі дәйектелмеуінде жатыр.



Жұбаназар АСАНОВ. Ақтөбе өңірінің хандық дәуірдегі әдебиеті

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Қазіргі Ақтөбе өңірі ертеде тоғыз жолдың торабы болған, батысында Ресеймен, оңтүстігінде Орталық Азия елдерімен шектескен. Ілгеріде Ноғайлы Ордасымен, Астрахань хандығымен аралас-құралас жатқан. Негізінен Алшындар тұрған. Жыраулық поэзияның аса ірі өкілдері Шалкиіз бен Жиембеттің Алшындардан шыққанын ескерсек, бұл өлкенің әдебиетінің тарихы әріде және айбынды екенін бірден бағамдау қиын емес. Берідегі осы өңірде туған «Айман-Шолпан», «Бекет батыр» жырларының өзі-ақ рухани қазынасының қандай екеніне өлшем болғандай.
Хандық дәуірдегі әдебиетіміз «Едіге» тарихи-қаһармандық эпосынан бастау алады. Ғалымдардың айтуынша, туынды ХV ғасырда шығып, ХVІ ғасырда қалыптасқан, әбден кемеліне келген. Академик В.М.Жирмунскийдің жазуынша, бұл эпосты Ақтөбенің даңқты эпик ақын-жыршылары Шапай Қалмағанбетов, Айса Байтабынов, Нұрпейіс Байғанин жырлаған. Ақтөбе облысының Байғанин ауданында «Едігенің жалы» деген жер бар. Көнекөз қариялардың айтуынша, атақты Едіге батыр мұнда кеңес құрған. Оған арнап салынған үйдің орны әлі күнге дейін сақталған. «Алып ана бейіті» деген бейіт бар, мұны Едігенің анасының бейіті екен дейді.
«Едіге» эпосын күллі түркі халқы төбесіне көтерді. Әйгілі жыр өзінен кейінгі түркілер поэзиясына зор ықпалын тигізді. Мұны нақты мысалдар арқылы көрсету қиын емес. Эпостың ұлттық версияларының бірі, татар нұсқасында:



Тәттімбет атындағы VI Республикалық конкурс басталды

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Шертпе күйдің атасы Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 200 жыл. Қазақ өнеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, дамуына үлес қосқан күйшінің мерейтойына байланысты елімізде жыл бойына түрлі іс-шара атқарылған болатын. Енді қорытындылайтын сәт те жақындап қалды. Күйшінің тойы Қарағанды қаласында жас күйшілердің дәстүрлі VI Республикалық конкурсымен қорытындыланбақ.
Байқаудың ашылу салтанатына арналған мерекелік концерт К.С.Станислав атындағы облыстық орыс драма театрында өтті. Әуелі осы байқауға үкілеген үмітпен еліміздің әр өңірінен арт арытып келген жас таланттар халыққа таныстырылды. Ел ағаларының батасын алды.
Облыс әкімінің орынбасары Жандос Ақылсерікұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, байқауға қатысушы жастарға ізгі тілегін жеткізді. Ол кісіден соң құттықтау сөз Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының ұстазы, профессор, Тәттімбет атындағы байқаудың әділқазылар алқасының төрағасы Біләл Ысқақ ағамызға берілген болатын. Ол кісі әуелі жиналған қауымды күйшінің мерейтойымен құттықтап, ыстық ықыласын жеткізді. Артынша Тәттімбет Қазанғапұлының ұлт үшін қаншалықты ұлы тұлға екенін айтып өтті.
– Тәттімбет – тек күйші ғана емес, мемлекет қайраткері. Қазақ даласындағы алғашқы алтын кен орнының ашылуына себеп болған. Сонау Петербургке дейін барып, ақ патшаның алдында домбырамен төгілдіре күй ойнап, қазақтарды мәдениеті жоқ, жабайы ел деп санаған орыс ақсүйектерінің ойы қате екенін дәлелдеп берді. Домбыраның үніне елтіген патша орнынан тұрып, Тәттімбетке күміс медаль тағады. Бірақ бұл сөзіміз оның орыс басқыншыларын жақтады дегеніміз емес. Өткен жолы Ресейде күйшінің Құнанбайға арнап жазған хаты табылды. Онда Тәттімбет Қазанғапұлы Кеңесары ханға көмек көрсету қажеттігін айтқан екен. Яғни өзі болыс болып, Ресей империясына қызмет қылса да, ұлттың азаттығы, елдің бостандығы жолында лауазым мен атақтан бас тартуға дайын екенін көрсете білген, – дейді Біләл Ысқақ.



А.Куприн. Мамыргүл бұтасы (әңгіме)

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Әйелі есікті ашқанша шыдай алмаған Николай Евграфович Алмазов үйге кірген бойда үстіндегі пальтосін, басындағы фуражкасын  шешпестен кабинетіне өтті. Қабақтары түйіліп, салбыраған еріндерін тістеніп, үйге кірген күйеуінің томсырайған ұсқынын көрген әйелі күйеуіне бірдеңе болғанын, оның сәтсіздікке ұшырағанын түсінді.... Ол үндемей күйеуінің артынан ерді. Кабинетінде Алмазов бұрышқа  оқталып біраз тұрды. Одан соң қолындағы портфелі еденге түсіп, оның  ішіндегілері шашылып, өзі болса қос жұдырығын соққылап креслоға жайғасты.     
Алмазов бай емес, жас офицер, Бас штаб Академиясының  тыңдаушысы, қазір сол оқудан  келген бойы. Бүгін ол профессорға  соңғы және ең қиын практикалық жұмыс –  аумақтың карталық түсірілімін тапсырған болатын....
Осы күнге дейін барлық емтихандар жақсы өтті, олардың қандай қиыншылықтармен, ауыр еңбекпен келгені бір құдайға және Алмазовтың әйеліне ғана мәлім.... Басынан бастасақ, академияға күйеуінің  түсуінің өзі  мүмкін емес еді. Екі жыл қатарынан  өте алмай  құлады, тек үшіншісінде жолы болып, тынымсыз еңбегінің арқасында барлық кедергілерден өтті. Әйелі болмағанда оның  шыдамы да, күші де жетпес еді, мүмкін академияға қолын бір сілтерме еді. Бірақ  әйелі Верочка оның еңсесін түсірмеді, рухын көтеріп бақты. Ол күйеуінің әр сәтсіздігін  жарқылдап, ақ көңілімен қарсы алатын болды. Оқып жүрген күйеуіне кішкентай болса да пайдасы тисін деп не істемеді, оның жұмыстарын көшірді, сызба чертеждерді салды, лекцияларын оқып беретін, репетиторы да  болды, тіпті оқығандарын күйеуі ұмытып қалмасын деп, есіне салып  жүретін, естелік кітапшасына да айналды.



Дәурен ӘБДІРАМАНОВ. Бұл заман – өрекпіген одашылардың заманы

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Расын айту керек, қазіргі ақындар оқырманның кінәмшіл жүрегіне от жағып, дем беріп, басу айтудың, өмірге құштар етудің орнына оқырман оның өзін аяйтын, мүсіркейтін жағдайға жетті. Қоғамның, нарықтың, ең дұрысы адамдардың қаталданып, жаннан гөрі тән қалауын іздейтіндердің көбейгеніне қапа болғаннан ба, әлде жолының болмай, біткен жерім, жеткен жерім осы дей ме, әйтеуір қазаққа біткен жас ақындардың дені көп «жылайтынды» шығарды. Жылап, сықтап басыла қойса мейлі ғой, өзімен қосып елді де жылататынын қайтерсіз. Қойшы, кім жыламай жүр мына өмірде. Еңкейгеннен еңбектегенге дейін жылау «модаға» айналған заман ғой дейсің. Осылайша ақындарды ақтап аламыз.
«Жыласын, еңіресін, зарласын. Бірақ, айналайын-ау, «өлгім келеді», «мені ертерек ана жаққа алып кетшісі несі?» - дейді ауылдағы кітапқұмар, жырқұмар бір жеңгей. Өмір сүруге ұмтылыс, сезімге батылдық, бұ дүниеге деген махаббат бере ме десем, мынауың барып тұрған «жылауық» қой деп бұлқан-талқан. Оу, жеңгей, жыласа бірдеңеге қапа болған шығар, өлгісі келсе өз өмірі, тірі жанға бір өлім хақ деп басып әуремін. Дей тұра өзім де ойланып қалдым. Расымен неге жылай береді екен деп. Сөйттім де өлімді аңсап, өмірден баз кешкен жап-жас ақындарды іздей бастадым. Сөйтсем көп екен. Жасы да, жасамысы да түгел «жылап» жүр. Өлгісі кеп жүр. Мына өмірден шаршапты. Бірінің құрғыр жігіті алдап кеткен бе, енді біреуінің қызға қолы жетпей, онысы өзге біреудің құшағында кете барған. Ішқұса болған «бейшаралар» ақыры өлімге қамдана бастаған. Бәрі «шөпжелкелердің кесірі».



Э.Хемингуэй. Үндістер тұрағы (әңгіме)

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Көл жағаcына бөтен қайық байланған, жанында күтіп екі үндіс тұр.
Ник әкесі екеуі қайықтың артқы жағына барып отырды, үндістер қайықты суға итеріп, біреуі есе бастады. Джордж ағай басқа қайықтың артына барып жайғасты. Жасырақ үндіс болса қайықты суға итеріп, олда есе бастады.
Қараңғыда екі қайықта жағадан жүзіп кетті. Никке алдарында жүзіп бара жатқан қайықтың суды ескен сықыры алыстан, тұман ішінен естілді. Үндістер қайықты қысқа, бірақ тез есті. Ник әкесіне басын  қисайтып еді, ол ұлын құшақтап, бауырына қысты. Көл салқын болатын. Үндістер бар күштерін салып ескенмен екінші қайық тұман ішінде оларға жеткізбеді.
Папа, біз қайда бара жатырмыз? –деп сұрады Ник.
Арғы бетке, үндістер тұрағына. Ол жерде үндіс әйелі қатты ауырып жатыр.
А....  – деді Ник.             
Олар жеткенде алдарында ескен қайық жағалауда, ал Джордж ағай болса қараңғыда шылымын түтіндетіп тұрды. Жас үндіс олардың қайығын құм жағалауға сүйреп шықты. Джордж ағай екі үндіске сигарасынан  ұсынды.
Олар жағалаудан шалғын шөп арасынан өтті, таңғы шыққа суланып,  далаға шықты, жасырақ үндіс қолында ұстаған шамымен жарық етіп алда жүрді. Одан соң орманға кіріп, соқпақ ізбен алыс дөңге апаратын жолға бет алды.   
Жол жарық болатын, өйткені екі жақтан ағаштар кесіліп тасталған. Жас үндіс тоқтап қолындағы шамын сөндірді, әрменқарай жолмен алға тартты.



Жадыра НАРМАХАНОВА. Сүйе білсең,сүйдіре білесің...

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

(Жалғасы...)

ПРОФЕССОРДЫ АУЫЛ МЕКТЕБІНЕ ЖҰМЫСҚА ӘРЕҢ ҚАБЫЛДАҒАН

Бас қосқан бастапқы жылдарымыздан бастап-ақ қиындыққа тап болдық. Ерекеңнің докторлығының мәселесі екі жылдай қаралды. Ермұхан үйде өзінің ғылыми жұмысын достарымен талқылап, қызылкеңірдек болып отыратын. 1947 жылы «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» атты монографиясы алғаш басылып шықты. Кітап шыққаннан бастап біздің басымызға қара бұлт үйірілді. «Феодалдық жүйені көксейді, Кенесарыны идеал ретінде көрсетеді, ұлтшыл» деген айыптар тағылды.
Ермұхан қарапайым ауыл мектебінде сабақ беруге рұқсатты әрең алған. Әйтпесе, білдей профессор деген атағы бар ғой. Әуелі оны Алматы облысындағы Нарынқол ауданының мектебіне жіберді. Бірақ оқу тоқсаны аяқталмай жатып, Жамбыл облысы Шу ауданы Новотроицк ауылындағы Горький атындағы мектепке ауыстырды. Себебі, Нарынқол шекаралы өңір болғандықтан, Қытайға қашып кетуі мүмкін екен. Бірақ Ермұхан мойымады. Жазғы каникул кезінде «Қазақстанның Ресейге қосылуы» атты жаңа монографиясына материалдар жинау үшін ғалымдармен ақылдасып, кітапханалар мен архивтерде жұмыс істеуге Мәскеуге барды. Бұл сапардан кәдімгідей рухтанып келді. Өйткені, ғылыми жұмысына қатысты біраз деректер тапқан еді.
1950 жылы қыркүйек айында Ермұханды тұтқындады. Үйімізде тінту жүрді. Бүкіл кітап-қағаздарымызды шашып-төгіп, үйдің астан-кестеңін шығарды. Тергеу кезінде Ерекеңе әбден қоқан-лоққы көрсеткен. Өзінің айтуынша, «жансыздар» Әуезов пен Сәтбаевты Ерекең арқылы жазалағысы келген. Бірақ Ермұхан қадірлі азаматтар туралы тіс жармады. Үш ай бойы тергеу жүргізді. 4 желтоқсанда соттың шешімі шықты. Ерекеңді 25 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады. Соттың үкімі оқылғанда, менен көз алмай қарап отырған асыл азаматым еріксіз жылап жіберді. Сондағы жанымның ауырғаны-ай…



Бас тартсаң, тісін қағып әкел

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Ертеде Сараман мен Қараман деген екі дос өмір сүріпті. Бірде Сараман досына ренжіп қалады. Бірақ онысын тамырына айтпайды.
Бір күні Қараман атқосшысын ертіп, оған қонаққа келеді. Сараман досын құшақ жая қарсы алады. Іштегі назын бетіне шығармайды. Досы да құшағын тосады. Сараман досына арнап үлкен қошқарын сойып, батасын алады. Ет пісірім уақыт болды дегенде алдына бас тартады. Қараса, қойдың тістері қағылмаған екен. Досы оны байқамайды. Етін жеп, қымыз ішіп, арқа-жарқа болып, үйіне қайтады. Жолай атқосшысы:
– Мырза, досыңыз бас тартқанда қойдың тісін қақпай әкелді. Сізге бір реніші бар екен, – дейді. Бай шошып кетіп:
– Қалайша? Реніші болса, бас тартып сыйламас еді, – деп жауап береді. Атқосшы:
– Марқұм әкем айтушы еді. Қазақ біреуге ренжісе, бетінен алмаған. Өзгенің көңіліне қаяу, жүрегіне қылау салармын деп сақтық еткен. Назын тұспалмен, ыммен білдіреді. Мұсылмандықта біреудің көңілін қалдырған, мың Қағбаны бұзғанмен бірдей екен. Сондықтан, дәуде болса, досыңыз сізге реншін білдірді. Қонақ есті болса, бұл сырды өзі-ақ түсінер деген, – дейді.
Бай аттың басын кері бұрып, ат-шапанын атап, досынан кешірім сұраған екен. Осыдан бастап қой басын пісіргенде оның тісін қағып әкелу адал достық пен таза көңілдің белгісі боп саналыпты.
Бастың тісін қақпай әкелу өкпе, назды білдіретіні туралы Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты» кітабында мынадай үзінді келтіреді.
«Қонақтар кеткен соң жаңалап шай жасап, енді өзіміз дастархан басына отырдық. Байқаймын атаның (Бауыржан Момышұлы) қабағы салыңқы. Бір кезде:



Ерболат ҚУАТБЕК. Мағжанның "өлімі"

Басып шығару PDF

Алашорда

Қорқыттың ажалдан қашқанына сенесіз бе? Өз басым сенбеймін. Керісінше, Қорқыт өлімді іздеді. Өлімнен тек өресі тар пенде ғана қорқады. Өлім мәңгілік емес пе?! Осы бір сөз адамды шошындыратыны несі екен? Мүмкін, «Әлдиле, өлім, әлдиле» деп жырлаған Мағжанды жындыға балайтын шығарсыз?! Айтпақшы, бұл өлең неден туып еді? Мағжанға «Өлім күйі – тәтті күй» дегізіп отырған қандай күш һәм қандай күй?
Мағжанның еліктегіш ақын екенін айтып жүрміз. Экспериментке көп барған шайыр. Орыс символистерінің сарынында өзінше қалып жасаған – Мағжан. Мәселен, Александр Блоктың «Стихи о прекрасной даме» өлеңін негізге алып жазған туындысы.
«Әдемі әйел» – идеал,
«Әдемі әйел» – бір қиял.
Блоктың басын байлаған
«Әдемі әйел» – бір гүл,
Блок – бір бұлбұл», – деп жырламай ма? «Біраз Фетше» деген өлеңі де бар. Ал біз айтып отырған «Мені де, өлім, әлдиле» Константин Бальмонттың «Смерть, убаюкай меня» өлеңі негізінде жазылған. Салыстырып көрейік.



Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ. Қазіргі қазақ прозасының бағыт-бағдары

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Бүгінгі Қазақстан үлкен қоғамдық сілкіністен өтіп келе жатыр. Басқа елдер, басқа жұрттар баяғыда жүріп өткен жолға енді түскен қазақ жұртьг егемендік алғаннан бергі он екі жылдың ішінде басынан қаншама замана кешті. Әрине, қоғамдағы болып жатқан құбылыстар әдебиетке көлеңкесін түсірмей қоймайды. Кеңес заманындағы құндылықтар, қалыптасқан идеалдар алмасқан осындай шытырман кезеңде болашақ қазақ әдебиетінің бағыт-бағдарын, бет-бедерін айқындайтын жаңа: бір үрдістің нобайы шалынды. Осы орайда өткен жеті-сегіз жыл бедерінде түрлі басылым беттерінде жарық көрген бірқатар прозалық шығармаларды зерделей отырып әңгіме қозғағанды жөн көрдік. Талғат Кеңесбай өзінің «Лениннің бәтеңкесі» (ҚӘ. 28.07.2000) атты әңғімесінде бүгінгі тіршіліктің күрделі бейнесін бедерлеуге ұмтылған. Әңгіме тұтастай алғанда — үлкен эксперимент. Әлбетте, қай жазушы болса да өзінің әрбір кезекті шығармасында жаңа ой айтуға тырысады. Ал жаңа ой дегенініз — жаңа форма. Демек, эксперимент. Талғат өзінің ұзақ ойланып сомдап шығарған әңгімесін бастан аяқ жаңа формаға бағындырғысы келген сияқты. Әңгімеден, жазушының бұрынғы прозасының нышанын да таба алмайсыз. Шығарманы оқып отырғанда ХХ-шы ғасырдың басындағы, Грета Гарбо қатысқан дыбыссыз фильмді көріп отырғандай әсер аласыз. Әңгіменің, бірден кейіпкердің түс көруінен басталуы, төл сөздердің, тіпті диалогтардағы сөйлемдердің тырнақша арқылы тұйықталып жеке-жеке тұруы, міне, осының барлығы модернистік фильмнің сценарийін елестетеді



Жадыра НАРМАХАНОВА. Сүйе білсең, сүйдіре білсең...

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Мен өткенде «Титаниктегі» Роза­ның әже кейпіндегі бейнесінің қазақы прототипімен жолықтым. Біз оқушы кезде әйгілі «Титаник» фильмі шыққан. Алып лайнердегі Джек пен Розаның махаббаты аяулы, һәм аянышты. Шашы әппақ қудай әженің баяндаған махаббат хикаяты бізді әліге дейін тамсандырып, көзімізді телеэкранның алдына байлап қоятын еді.
Махаббат деген – кинода махаббат, ал өмірде ол жоқ. Көпшілігіміз солай ойлайтынбыз. Өйткені, өмірде сүйген жүректер қосылып, шаңырақ көтеріп, бала-шағаны жетілдіруі керек. Кәдімгі күйбең тірлікпен жан бағып, тіршілік жалғаса береді. Бұл – отбасылық қалыпты жағдай сияқты. Ал махаббат деген – бір-біріне қолы жетпей сағынысу, аңсау, қысқасы, өткен күннің тәтті естеліктерімен өмір сүретін сезім сияқты көрінеді ме? Әйтеуір қол жетпей қалғандар мен болмай қалған баянсыздықтың бәрі махаббатқа ұқсайды кейде.
Ол Алматы қаласында, Панфилов көшесіндегі №126 үйдің отызыншы пәтерінде тұрады. Роза әжейдің немере қызы отырушы еді ғой жанында. Есіңізде болса, кемпірдің айтқанын сценаристер, режиссерлар, операторлар таспаға түсіріп алатын. Біздің күй де сол болды. 30-пәтердің қоңырауын басқанымда, сол кинодағыдай мен іздеген апаның қызы есікті ашты. Ол отырған бөлмеге бастап барды. Шашының бір тал қарасы жоқ қария орындықта отыр. Қарсы алдында жап-жас жігіттің портреті. Портреттегі бейне 30-35 жастамын дейді көрген көзге. Ал оған тамсанып, табынып отырған бейне 89 жаста! Бірақ, оларды «Титаник» секілді алып лайнер үлкен мұхитқа лақтырып сынамады. Оларға «Титаниктегіден» мың есе ауыр жүк артты тағдыр. Қазақ деген тәлейлі ұлттың болашағы жолында көрмегенді көрсетті. Біз кездескен қария әйгілі тарихшы Ермұхан Бекмахановтың ошағының отын өшірмей отырған Халима Бекмұхамедова еді.
Мен енді сол кісімен бірге өткен күндерді еске аламын. Өткен уақыт пен бүгінгі күннің арасында «елші» болам. Менімен бірге «Махаббат деген не? Аңыз махаббат қандай болады?» деген сұраққа жауап іздеп көрерсіз, бәлкім.



Марат МӘЖИТОВ. Бәйге жиреннің тағдыры

Басып шығару PDF

Бір күй бар...

Әкем Кәрім Мәжит баласы аса әңгімешіл, өмірден көргені мен басынан кешкендерін түйіндеп айта алатын болмысы биік, парасатты жан еді. Менің жазушылық жолға түсуіме де әкемнің әсері көп болды. Оның өзі жайлы айтқандарын жадыма тоқып, өз жанымнан ештеңе қоспай, қағазға түсіруге тырыстым.

Бәйге

Тоғыз жасқа толар-толмас кезім еді, қазір ойласам, бұл 1921 жылдың сүмбіле айының бас жағы екен. Әкем Мәжит қапсағай денелі, жаурынды, ұзын бойлы, жүзі суықтау кісі, ал анам Балғаным орта бойлы, ақшыл өңді, әдемі кісі, інім Мұхит екеумізге «қарағым», «шырағымнан» артық сөзге бармайды. Таңертеңгі шай үстінде әкем маған тесіле қарап:
– Тақымыңды бекіт, жирен төбелді бәйгеге қосамыз, бүгіннен бастап үстіне сен отырасың, – деді.
Үнсіздік.
– Неге үндемейсің, әлде қорқып отырсың ба? – деп әкем тамағын кенеді.
– Апырай, отағасы-ай, әлі тым кішкентай ғой, Оразәлі өз баласын ыңғайлап жүр демеп пе едің? – деді анам баяу ғана сөйлеп.
– Жо, жоқ, оның баласы он бес жаста, ұзақ шабыста аттың белін талдырады. Елу шақырым оңай жол емес. Сондықтан атбегімен ақылдасып, осылай шештік.